» » "Әкесіне берсеңдер беріңдер, бермесеңдер қойыңдар": Жерлесіміз әйелін ұялтып тастады

"Әкесіне берсеңдер беріңдер, бермесеңдер қойыңдар": Жерлесіміз әйелін ұялтып тастады

  Жерлесіміз КТК арнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасында әйелімен қалай танысқанын айтып, оны ұялтып алды.  

«2014 жылы №22 маршрутты айдап жүрдім. Бұл уақытта ол да мен де жас едік. Алғаш сол кезде таныстық. Жоқ, бірден ғашық болдым деп айта алмаймын. Шындық қой, рас. Мен маршрутта жүргеннен кейін қыздар көп болатын. Кейін үйлену керек болған соң, үйлендім. Үйленгім келетінін айтқан кезде бәрі басын алып қашты.
Үйіне барып едім, анасы шықты. «Маған Малика керек еді» дедім. Дұрыстап гүл апарып, сөз салып көрген емеспін. «Мен негізі үйленуге келген адаммын. Қалай қарайсың?» дедім. «Сенің есің дұрыс па?» дегендей айтты. Гүл апарған түгім жоқ, өзім бардым. Әкесінен бата алып, «Беретін болсаңдар беріңдер, бермейтін болсаңдар, қойыңдар» дедім», - деп Самат отау құрған шағын еске алды. 
Әйелі Малика Сейілбекова өз кезегінде күйеуін ерекше ұнатқанын жасырмады. 
«Бұл ол кезде әдемі, көзілдірік тағып жүретін. «Түрі қандай екен?» деген қызығушылық болды. Жас болғаннан кейін қалжыңдап «Түбінде сені бәрібір келіншек қыламын» деп жүрді», - дейді келіншек.
07 қараша 2019 ж. 428 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031