» » "51 жыл ғашық болдым мен саған": Жүрсін Ерман жұбайымен қалай танысқанын айтты

"51 жыл ғашық болдым мен саған": Жүрсін Ерман жұбайымен қалай танысқанын айтты

  Қазақ айтыс өнерінің жанашыры, журналист Жүрсін Ерман жұбайымен қалай танысқанын айтып берді. Ол 52 жыл отасқан әйелі Бақытжамал Ерманованың көңілін қалай тапқаны жайында "Түнгі студия" бағдарламасында баяндады.
Ақын қазірде ошағының түтінін түтетіп жүрген жарымен мектеп бітірген соң үйленгенін айтты.
"Біз мектепті жаңа бітіре салып табыстық. Жасөспірім бозабал, бойжеткен қыз ғой ол кезде. Екеуіміздің ауданымыз бір-ұлы Ұлытау ауданы. Ауылдың балаларымыз. Жездесі Боздақ деген ауылда тұратын. Сол жерге менің туған ағам мал дәрігері болып барды. Сосын екеуміз мерекеге ауылға бардық . Сол жақтағы "вешірге" екеуміз екі жақтан барып, таныстық.Мен алыс ауылда өскенмін, біздің ауылда мұндай сұлу қыз көрген жоқ-тұғынмын. Содан көрдім де, есімнен танып, құр соңынан қалмай қойдым. Бұл қыз да қатігез екен, мойын бұрмай, қашқалақтап жарты-бір жыл жүрді. Солай құр соңынан қалмай қойдым. Киноға барса, кассаның адында тұрамын. Дүкенге барса, тағы жолға кетемін", - деді ол.
Сондай-ақ, айтыс ұйымдастырушысы жұбайы өзінің үйдегі кеңесшісі екенін де алға тартты.
"Естайдың сөзімен айтсақ, 51 жыл ғашық болдым мен саған, 51 жыл өмір сүрдім ендеше дегендей, содан бері сондай уақыт өтті", - деді ол.

01 маусым 2019 ж. 1 434 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930