Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа жіберді
Он раундтық жекпе-жекте Әлімханұлы канадалық Альберт Онолуносемен (24-2-1, 8 КО) қолғап түйістірді. Кездесуде Әлімханұлы мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Алтыншы раундта техникалық нокаут болса, оның алдында нокдаунға жіберген еді.
