» » Мектептен қайтып келе жатқан екі оқушыны жер "жұтып қойды"

Мектептен қайтып келе жатқан екі оқушыны жер "жұтып қойды"

  Досының сөмкесі шалшық судың бетінде қалқып жатқанын байқаған Дэвис дереу көмекке ұмтылған, алайда құбыр оны да тартып әкетті
Англияның Линкольншир графтығында мектептен үйге бара жатқан екі жасөспірімді құбыр тартып әкетті.
12 жастағы Юан Боттомли досы Люк Дэвиспен бірге сабақтан шығып, үйіне келе жатқан. Кенеттен оқушының аяғы тайып, терең шалшыққа құлап түседі. Баланы су түбінен өтетін құбыр тартып әкеткен, деп хабарлайды Mirror.
Досының сөмкесі шалшық судың бетінде қалқып жатқанын байқаған Дэвис дереу көмекке ұмтылған. Алайда, ол да су астына кетті. Бірнеше секундтан кейін су ағысы екі жасөспірімді құбырдың екінші жағынан шығарды.
"Егер де мен ағаш бұтағына ілігіп қалғанымда, суға батып кетер едім. Есеңгіреп қалғаным соншалық, жылауға да шамам келмеді", - дейді Боттомли.
Екі оқушы да аман-сау үйлеріне оралды. Жасөспірімдер оқыс оқиға кезінде өлімге дайындалғанын мойындады.

11 қараша 2019 ж. 332 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031