Бейтаныс азаматпен қол ұстасып тұрған Иманбаева елді елең еткізді (Фото)
Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева Instagram парақшасында белгісіз жігітпен түскен суретін жариялап, қалың көпшілікті ойландырып қойды. Желі қолданушылары өнер иесінің қасындағы азаматты оның елден жасырып жүрген сүйіктісі деген болжамдар жасауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Аталмыш фотода Айгүл Иманбаева далада мотоциклдің қасында бейтаныс ер адамның қолынан ұстап тұрғанын аңғаруға болады.
Суретте олар қоштасып тұрған ғашықтардың кейпінде тұр.
Әншінің жанкүйерлері мен оқырмандары бірден оған әйел бақытын тілеп, шоу-бизнес жұлдызы үшін қуанғанын білдірген.
Алайда, желі қолданушыларының арасында Иманбаеваның қасындағы ер адамды сынағандар да болды.
"Бақытты болыңыз" , "Сіз бақытты болуға лайықтысыз" , "Той қашан?" , "Дұрыс өзіңді аялап өтсе одан артық не керек?" , "Мына жігіт сізге сай емес" , "Киіп алған шалбарын қара" , "Сіз бақытқа лайықтысыз" , "Шалбарын жабыстырып киіп алған. Сіздің қасыңызда мұндай адамды елестете алмаймын" , "Айгүл сізге нағыз қазақи сері жігіт керек" , - деп жазуда халық.
Оған қоса, кейбір оқырмандар актриса бұл суретті кезекті бейнебаяны немесе фильмі кезінде жасағанын жазуда.
Көпшілік әртіс бұл әрекетімен ел назарын өзіне қаратпақ болды деп есептейді.