» » Буккроссинг орталығы ашылды

Буккроссинг орталығы ашылды

   "Әлеуметтік желіде отыратын адамды, кітап оқитын адаммен салыстыру қиын. Кітап оқыған адам әлеуметтік желіде отырған адамды басқарады. Әрбір жиыннан бір-екі ой түйген дұрыс. Мысалы, "бұл маған не береді" деген сұрақ болу керек. Бұл шарадан кітап оқу жайында біраз нәрсеге қанық боласыздар. Кітап оқу сөздік қорыңызды дамытады, рухани азығыңызға айналады", – дейді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Қуантқанұлы буккроссинг орнының ресми ашылу салтанатында.
 АҚШ-та пайда болып, қысқа мерзімде көптеген елдерде қолдау тапқан буккроссинг мүшелерінің саны 1,5 млн адамға артты. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық қаржыландыруы аясында «Social Development Center» қоғамдық қоры еліміздің барлық аймақтарында буккроссинг орындарын ұйымдастыруда. Облыстық жастар ресурстық орталығында осы  буккроссинг орнының ресми ашылу салтанаты өтті. Сондай-ақ «Каз пошта» АҚ-ы Қызылорда облыстық филиалы мен «Ақмешіт» институтында арнайы сөре қойылған. Акцияның салтанатты ашылуына Қазақстан телерадио академиясының «Алтын жұлдыз» белгісінің иегері Қ.Есімсейітова, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қ.Жанұзақов, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Б.Мәстеков қатысты.
Акцияны ашқан Қазақстан Жазушылар Одағы Қызылорда облыстық филиалының директоры Қаршыға Есімсейітова і екі кітап тапсырып, орнына екі кітап алды. Мұндағы басты шарт – әкелген кітап жыртылмаған, көп оқылатын, және қызық кітап болу керек.
– Бұл іс-шара өскелең ұрпақты тәрбиелеуде үлкен маңызға ие. Кітап оқу, кітаппен дос болу рухани кемелдікке ұмтылудың алғашқы қадамы. Кітап – ол мәңгілік қалатын дүние. Ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға жалғасады. Сіздерді кітапханаға келіп, кітаппен дос болуға шақырамын" – деді ақын Қ.Есімсейітова.
Сыр өңірі тұрғындарының арасында буккроссинг жобасына қатысушылар саны артады деген үмітттеміз.
Мөлдір САБЫРЖАН
12 қараша 2019 ж. 851 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031