Дария жағасындағы қала
Елбасының алдыға қойған міндеттерін жүзеге асырып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан ұландар бұл қадамдарын туған тарихын насихаттаушараларына арнады. Кезінде қазақтың алғашқы астанасы атанып, сол кездегі зиялы қауым өкілдерінің табаны тиген, жылдан-жылға жасарып, жайнап, өрісін кеңге жайған Қызылорда қаласы мен қалада орын тепкен тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттау үшін ұландар осы экскурсия-акцияға зор мақтанышпен қатысты.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасында тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеп, зерделеуге айрықша маңыз бергені белгілі. Елбасы мақаласындағы «Туған жер» жобасын іске асырған бұл шараның жоспары талқыланып, іске асырылуына зор мән берілді. Қызылорданың төрінде салтанат құрған Жалаңтөс Баһадүр, Бұқарбай батыр, Сыр Ана, Ақмешіт мешіті, Айтбай мешіті, Қорқыт Ата кітабының 1300 жылдығына арналған ескерткіш-кешені, Сыр Сүлейлері, Абай аллеялары және тағы басқа ескерткіштерге саяхат жасап, бас иген ұландардың көңілі көкке өрлеп, күннен-күнге жасанып кележатқан сүйікті қалаға сүйсінді.Аталмыш шараға 100-ден аса жастар мен жасөспірімдер қатысты.
Қызылорданың жасампаз, жаңа қала екенін, жаңа мүмкіндіктер мен жаңа жобалардың қаласына айналып, туған қалаңның көз алдыңда көркеюін көріп, шаттанудың өзі қандай ғанибет десеңші!
«Дария жағасындағы қала» жобасы аясында ескерткіштермен қатар құлпырған көшедегі гүлдер мен ғимараттарға қуанған ұландар әсем қалада қуана саяхаттады. Алғашқы астана атанып, қазақтыңталай қайраткерлері өмір сүрген Қызылорданың бүгінгі парағында қолтаңба қалдырған жас ұландар ескерткіш авторларына ықыласпен қол соқты. Үп еткен самал жел үлбірей соққанда нәп-нәзік жүректеріне туған жердің иісі саумалдай құйылып, жақсылардың басын қосқан қасиетті жерде туғандарына ризашылықтарын білдірді. Жоба аясында Ырыс пен дәулет қонған бақ мекеннің сәулет, салтанатына қанығып өскен ұландар болашақта сүйікті қалалары туралы романдар жазып, кино түсіреміз, алты алашқа мәлім қаланы әлемге танытанытамыз-деп уәде етті. Оған біз де сенім білдірдік!
Қызылорда облыстықжастар саясаты мәселелерібасқармасының «Жас ұлан» ББЖ ұйымы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамыту» әлеуметтік жобасы аясындажүзеге асырылғанған «Дарияжағасындағы қала» тақырыбындағы экскурсия жастарға берері мол табысты жобалардың бірі болды.Жобаға балалармен бірге тәлімгерлер,тарихшылар,Қызылорда облыстық тарихи-өлкетанумузейінің ғылыми хатшысы А.Сайлауқатысты.
Жастардың бойында туған жерге деген құрметті арттыру, туған жердің тарихын жетік білу, Отан алдындағы борыш, қамқорлық қасиеттерін дарыту мақсатында өткізілген «Дария жағасындағы қала» экскурсиясының нәтижесінде Қызылорда қаласы туралы, қалада орын тепкен тарихи-мәдени ескерткіштер туралы зерттелген деректердің жинағы шығатын болады."Дария жағасындағы қала" жобасы арқылы шығарылған бұл жинақ оқырманға өлке тарихын тану үшін көмекші құрал болып, жас ұландарға сенімді серік бола алады.
Облыстық «Жас Ұлан » ұйымы