МЕШІТТІҢ ІШІНДЕГІ ҚҰДЫҚ

– Басқа қалалармен салыстырғанда Қызылорданың ауа-райы жазда өте ыстық екені белгілі. Ширек ғасырдан бері келе жатқан мешітте салқындатқыш құрал болмаған. Осы тұста құдықтың атқарған маңызы зор. Ол – қанша ыстық болса да, имандылық үйінің ішкі ауасын бірқалыпты ұстап тұрады. Бүгінде құдық беті арнайы қақпақпен жабылып, бетіне кілем төселген, – деді Айтбай» мешітінің наиб имамы Қайырбек Отызбаев.
Тағы бір деректе мешіт Кеңес үкіметінің бергі кезінде жабылып қалады. Ол тұста бос ғимараттың сыртқы кірпіші ұстап тұрады. Өйткені биік нысанның іргесі берік, қабырғалары қалың болды. Жақында имандылық орны күрделі жөндеуден өтті, мешіт біршама уақыт жұмысын тоқтатты. Бүгінде 500 адамға арналған тарихи мешіт республикалық маңызға ие тарихи-мәдени ескерткіш қатарынан саналады.