» » Назарбаев сөйлеп жатқанда қызық жағдай болды (Видео)

Назарбаев сөйлеп жатқанда қызық жағдай болды (Видео)

   Жиын кезінде Назарбаев орталығының төбесіндегі қар төмен қарай сырғып түсті. Халықаралық сарапшылар бас кезінде не болғанын түсінбей қалды.
Қазақстанның тұңғыш президенті сөйлеп жатқанда Назарбаев орталығының төбесіндегі қар төмен қарай сырғып түсті. Шыны күмбездің астында отырған халықаралық сарапшылар бас кезінде не болғанын түсінбей қалды. Осы кезде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның сыртқы және ішкі саясаты жайында айтып жатқан. Ал сырғып жатқан қардың алғашқы дауысын естігенде бірден оның себебін түсіндіруге кірісті.
"Бұны Норман Фостердің жобасы бойынша әдейі солай салды. Шыны қызғанда қар төмен қарай кетеді (күлді)...Сондықтан біз өз саясатымызды өзгертпейміз. Ол көпвекторлы болып қала береді", - деп түйіндеді сөзін Назарбаев.
Осы кезде төбедегі қар тағы төмен қарай сырғыды. Бірақ осы жолы оның көлемі көп болды. Залдың іші одан да қатты жаңғырып кетті. Ал залдағылар үн-түнсіз қалды.
"Бұл қалыпты жағдай...Рақмет", - деді Назарбаев.

13 қараша 2019 ж. 908 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031