» » Алиментті анасы да төлейді

Алиментті анасы да төлейді

  Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деген Жолдауында ел азаматтарының құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету деген мәселеге назар аударған. Онда адами капиталдың мүддесі үшін сот шешімдерінің сапасын арттыру жайына кеңінен тоқталған.
Адами капитал және ақылды ұлт аясындағы мәдениет,ұлттық сүйіспеншілікті туғызуға, ұлттық бірлікке бастауға, ұлтты ұлықтауға, ұлттық намысты оятуға, барлық салада ұлттық жоғары талғамды қалыптастыруға бағытталу керек. Осы тұрғыда еліміздегі ерлі зайыптылардың ажырасып, ортадағы баланың екі жақты болып, тірі жетім болып қалатыны мені қатты алаңдатады. Сол сәтте ойға мынадай  сұрақтар келеді: «Осындай шешім қабылдауға не себеп болды екен?», «Кім кінәлі?», «Перзенттері кімде қалады?», «Қайта отбасын құра ма?», «Оның зардабы қалай болмақ?». Мұндай жағдайда ата-аналар мен балалардың арасында туындайтын ең өткір сұрақтардың бірі – алимент төлеу. Алимент деп біз көп жағдайда тек ажырасқан әкенің өз баласына төлуге міндетті ақысы деп білеміз. Алайда, алименттің басқа да түрлері бар. Бұл төлем тек әкеге ғана емес, сонымен қатар анаға да жүктелетіні көпшілікке жаңалық болуы мүмкін.
Алимент – Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексіне сәйкес, бір адамның оны алуға құқығы бар басқа адамға ұсынылатын міндетті ақшалай немесе материалдық асырау, яғни, заң жүзінде бекітілген төлем. Көп адамдар отбасы кодексінің бар екенін біле бермейді. Дегенмен, маңызды тараптарды біліп жүрген артық болмайды. Баланы асырау – ата-анасының заңмен бекітілген міндеті, бұл жерде ата-анасының некеде болуы, азаматтық некеде немесе ажырасқан болуы да мүлде маңызды емес. Қамқорлық, қорған болу немесе патронаттық тәрбиедегі балалар, сондай-ақ асырап алынған балалар да алиментке құқылы.
Жоғарыда айтылғандай, алименттің бұл түріне ерлі-зайыптылардың ажырасқан болуы міндетті емес. Мысалы, егер күйеуі баланың оқуына, тұрмыс-тіршілігіне ақша бермесе, әйелі оны сот арқылы алимент төлеуге міндетті ете алады. Бірақ баланы асырауда ананың да міндетті екенін ұмытпаған жөн. Ата-ана құқығынан айрылған ата-аналар да Кодекстің 79-бабына сәйкес алимент төлеуге міндетті.
Алимент төлемдері кәмелетке толмаған бір балаға ата-анасының айлық жалақысының не өзге де табысының 25%, екі балаға –33%, үш және одан да көп бала үшін – 50% мөлшерінде төленеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, борышкердің жалақысының немесе өзге де табысының 50% кем емесі сақталуы тиіс.
Егер борышкер жұмыссыз болған жағдайда еліміздегі орташа жалақының (169 000 мың теңге) 25%-ын төлеуі тиіс. Яғни бір балаға төленетін алимент мөлшері 42 250 теңгені құрайды. Екі бала болған жағдайда оның сомасы 55 770  теңге, ал үшеу және одан да көп болса айына 84 500 теңге төлеуі керек.
Бүгінгі күні тек Қызылорда қаласы бойынша жыл басында барлығы 1100 алимент өндіру ісі бар. Оның  566-сы аяқталып, 529-ы жұмыс орындарына жолданып, айлық табыстан өндірілуде, 5 атқарушылық өндіріс бойынша борышкерлерге Ішкі істер басқармасы арқылы іздеу жарияланған. Жұмыссыз жүрген борышкерлерден бөлек, жеке жұмыс жасап, өз баласына алимент төлеуден қашып жүрген борышкерлер де жеткілікті. Оларға қолданылатын шара да, жаза да әл-әзір тоқтамайды.
А.Абдуллаева,
Қызылорда облысының
Әділет департаментінің бас маманы
14 қараша 2019 ж. 591 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031