Шекарашы − Бексұлтан

Бексұлтан Жамбыл облысы Т.Рұсқұлов ауданы, Құлан ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Мектеп бітірген соң бала күнгі арманына асығып ҚР Шекара академиясына оқуға түседі. Бексұлатан – әскери бөлімдегі қырағы шекарашылардың бірі. Жас та болса, өз міндетін тиянақты аатқарып, іскерлігімен көзге түсуде. Ол ‒ үлкен ұжымда алдыңғы буынды құрметтеп, замандастарымен тез тіл табысты.
− Отан үшін отқа да, суға да түсуге даяр полиция қызметкері болуды армандап өстім. Қызметтің ең ауыр жүгі – ар алдындағы адалдық. Осындай ауыр жұмыстың жүгін арқалау оңай шаруа емес. Өзгеден тәртіпті талап ету үшін өзіміз тәртіпті болуымыз керек. Өзіме жүктелген міндетті абыройлы атқаруға күш саламын. Шекарашы болуды ер баланың басым бөлігі армандап өседі ғой. Бұл қызмет маған үлкен міндет жүктейді. Шекара қызметіне жұмысқа қабылданып жатқан жастар бар. Ең бастысы біліммен қатар, табандылық және қызметке адалдық қажет, − дейді Бексұлтан.
Бексұлтан ‒ бір сөзді, рухты жігіт. Шекара қызметі үнемі қырағылық пен сақтықты, батылдық пен жылдамдықты қажет етеді. Бексұлтан осы талап үдесінен шыға білген шекарашылардың қатарынан деп нық сеніммен айта аламыз.
Гүлмира ПІРІМЖАНОВА,
2019 әскери бөлімінің кітапханашысы