» » Еліміздегі үздік жастар марапатталды

Еліміздегі үздік жастар марапатталды

Қызылорда облысында республикалық Ғани Мұратбаев атындағы жастар сыйлығы табысталды. "Жастар жылы" аясында Ғани Мұратбаевтың туғанына 117 жыл толуына орай салтанатты марапаттау рәсімі Қазалы ауданында өтті. 

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан байқауға еліміздің әр түкпірінен шығармашыл, талантты жастар қатысқан.
Таңертеңнен бері белсенді жастар түрлі іс-шараларға қатысты. Алғаш болып Жаңқожа батыр кесене тағзым етті. Мұнан соң Ғани Мұратбаевтың мұражайын аралады. Мұнан соң Ғ.Мұратбаев атындағы 17 мектепке барып, білім ордасының тыныс тіршілігімен танысты.
Шығыс жұлдызының туып-өскен қазіргі Ғани ауылына барды. Ауыл ақсақалдарымен бірге жастар тал отырғызды. Ескерткіш жанына суретке түсті.
Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет үйінде әрі қарай шара жас кәсіпкерлер мен қолөнер шеберлерінің көрмесімен және Сырда туып, Орта Азия жастарының жетекшісі болған көшбасшы Ғани туралы кітап көрмесін тамашалады.
Гүлбану МАҚАЖАН
18 қараша 2019 ж. 1 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031