» » Әже мен дәрігер айтысы

Әже мен дәрігер айтысы

   №1
Ата-аналарымыздың бізге дейін тіпті бізді де жаялықпен тастай қылып құндақтап қойғаны есіңізде болар. Қаттылығы сонша қозғалу мүмкін емес. Әжелердің ойынша, қол-аяғы байлаулы бала өзін жарақаттап алмайды. Мәселен, қырық күнге дейін тырнағы алынбайтын шақалақтың өзін тырнап алуы әбден мүмкін деген қауіп бар. Құндақтаулы сәбидің аяғы оқтаудай түп-түзу болады деген түсінікті де жоққа шығара алмаймыз. Алайда мұнымен дәрігерлер келіспейді. Бұны өте ескірген түсінік деп қабылдайды. Құндақтап қоймаса да туғаннан түзу аяқ ешқандай қисайып кетпейді. Сол сияқты қанша жерден құндақтап қойса да қисық аяқ түзеліп кетпейді. Керісінше орауға ыңғайлы деп таңдалған қатты мата сәбидің жамбас сүйегінің дамуына кері әсер етуі мүмкін.
№2
Жабық терезе, жылы киім, қалың көрпе – қандай жағдайда да жел ұстаудан сақтанып жүретін әжелердің таптырмайтын қорғаны. Олардың ойынша баланы барынша жылы ұстау керек, әйтпесе суық тиіп қалады. Дәрігерлердің айтуынша, баланы үнемі қымтап, қалың киіндіру де – суық тигізіп алудан бірде бір кем емес қауіптердің бірі. Ақ халаттылар бөлме температурасын 20 градустан жоғары көтермеуге кеңес береді.
№3
Бала жылап, тынышталдыру мүмкін емес жағдайда әжелер тәтті-пәтті беріп, алдарқатқанды жөн көреді. Мәселен, сәбидің емізігіне бал немесе тосап жағып аузына салып жіберетіндер де бар. Бұған дәрігерлердің бас шайқаудан басқа амалы жоқ: егер сәби тіс жарып жатса, тәтті нәрсе тіс жегісінің қаупін туғызады, бұдан басқа аллергиялық аурулардың қоздырғышы болуы да әбден мүмкін. 
№4
Әжелердің сәбиге арнаған ең алғашқы сыйлығы бұл – жастықшалар жиынтығы. Ал педиатрлар бұдан мүлдем бас тартуға шақырады: жастық та, жастықша да, одеял да, жұмсақ ойыншық та ештеңе керек емес. Баланың керуетінде таза қатты төсек пен ақ жайма ғана болу керек. Егер бөлме салқын болса, баланы жылы киіндіріңіз. Сол жеткілікті.
№5
Әжелердің ойынша, бала ұйықтап жатқан кезде тыныштық сақтау керек. Тіпті немересі көшеде не қоғамдық орындарда  қоларбада ұйықтап қалғанның өзінде жан-жағын тәртіпке шақырып жүретін әжелер бар. Дәрігерлердің пікірінше, шу балалардың ұйықтауына көмектеседі. Анасының телефонмен сөйлескені, шаңсорғыштың шуы қай қайсысы болсын баланың ұйқысын бұзбайды.
P.S. Әжелердің бәрі осындай деп кесіп айту қиын. «Әжелер» сияқты ойлайтын тәжірибесіз жас аналар да бар әрине. Керісінше оны заманауи әжесі түсінбеуі әбден мүмкін. Таңдау өзіңізде, жас ана!
                                                                                              Ж.САҒИДА
20 қараша 2019 ж. 676 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031