» » Қызылорда маңында жүк көлігі өртенді

Қызылорда маңында жүк көлігі өртенді

    «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолдың Қызылорда қаласына жақын тұсында «Mercedes» жүк көлігінің кабинасы жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер жалынды жеті минут ішінде сөндіріп үлгерді. 
Өрт салдарынан зардап шеккен ешкім жоқ. Түркістан облысы Ордабасы ауданында тұратын жүк көлігінің иесі ешқандай дәрігерлік көмекке жүгінбеген. 
«Өрт сөндірушілер барған уақытта жүк көлігінің кабинасы мен үш дөңгелегі жанып жатқанын көрген. Алдын ала жасалған болжам бойынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан болуы мүмкін. Оқиға орнында арнайы зертхана жұмыс жасады. Келген шығын мөлшері анықталуда. Биыл «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолдың Қызылорда облысы аумағында 19 өрт оқиғасы тіркелген», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Руслан Қайрақбаев.
25 қараша 2019 ж. 403 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031