» » Заңсыз тексеру жүргізілгендігі анықталды

Заңсыз тексеру жүргізілгендігі анықталды

   
Қармақшы аудандық полиция бөлімінің жауапты қызметкерлері тарапынан «Допинг» жедел-профилактикалық іс-шараларының аясында жеке кәсіпкер Б.Хамидованың дәріханасында заңсыз тексеру жүргізілгендігі және ҚРДСМ-гі Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен кәсіпкерге ӘҚБтК-тің 426-бабының 1-бөлігімен 328 250 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыны заңсыз қабылдағандығы анықталды.
Кәсіпкерлік кодекстің 156-бабы 2-тармағының 7)-тармақшасына сәйкес  мемлекеттік органдардың өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерулерді жүргізу өрескел бұзушылықтар болып табылады. Тиісінше, өрескел бұзушылықтар орын алған жағдайда тексерудің нәтижесі жарамсыз деп танылады (Кодекстің 156-бабы 1 тармағы)Жоғарыда аталған негізде аудандық прокуратурамен кәсіпкердің заңмен кепілдік берілген құқықтарын қалпына келтіру мақсатында жеке кәсіпкер Б.Хамидоваға қатысты қабылданған әкімшілік айыппұл салу түріндегі қаулының күшін жою жөнінде және кінәлі қызметкерлердің тиісті тәртіптік жауапкершілігін шешу жөнінде прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, нәтижежісен аудан прокуратурасының қадағалау актісі толығымен қанағаттандырылды.
Аудандық прокуратура  
26 қараша 2019 ж. 385 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031