» » Ж.Ысқақоваға «қатаң сөгіс»тәртіптік жазасы берілді

Ж.Ысқақоваға «қатаң сөгіс»тәртіптік жазасы берілді

  Қызылордада жеке кәсіпкерге «Сұлулық салонын» ашу үшін қайта жоспарлау жұмыстарына рұқсат беруден заңсыз бас тартқан. Бұл  мәселе жөнінде кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын фронт-офиске жеке кәсіпкер Ұлбосын Асанова жүгінген.
Жеке кәсіпкер Ұлбосын Асанова көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерін реконструкциялап, сұлулық салонын орналастыруға рұқсат беру туралы Қызылорда қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне өтініш білдірген. Алайда сәулет және қала құрылысы бөлімі «Көп пәтерлі тұрғын үй ғимараттар» ережесіне сүйене отырып, аталған пәтердің қабырғалары ірі панелден болуына байланысты қайта жоспарлау жұмыстарына рұқсат беруден бас тартқан. Кәсіпкердің өтінішіне сәйкес тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп, қорытындысымен кәсіпкерлік нысанын ашу үшін пәтерді қайта жоспарлау жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруден негізсіз бас тартылғаны анықталды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Нұржан Сүлейменов былай дейді: «Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі кәсіпкерге объектіні қайта жоспарлауға рұқсат беруден негізсіз бас тартқан Себебі жеке кәсіпкер Ұлбосын Асанованың пәтерді сұлулық салонына реконструкциялау бойынша ұсынған қайта жаңғырту жобасында күту залынан есік және терезе шығару жоспарланған. Ал күту залының сыртқы қабырғасы көтергіш емес конструкция. Сол себепті «Көп пәтерлі тұрғын ғимараттар» ережесіне сәйкес пәтерді қайта жоспарлауға болатындығы көрсетілген».
Тексеру нәтижесі бойынша кәсіпкердің құқығы қалпына келтіріп, кәсіпкерлік объектіге қайта жоспарлау жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілді. Осы кемшіліктерге жол берген және реконструкция жұмыстарына рұқсат беруден заңсыз бас тартқаны үшін Қызылорда қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің жауапты қызметкері Ж.Ысқақоваға «қатаң сөгіс»тәртіптік жазасы берілді.
16 наурыз 2019 ж. 862 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930