Мерекелік щара
Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалында Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шара өтті.
- "Тәуелсіздікке қол жеткізген 28 жылда кемеңгер Елбасымыздың тереңнен толғаған, ел-жұрты қолдаған сан салалы, сапалы реформаларының нәтижесінде қоғамымыз түбірімен қайта түлеп, қайта жаңғырды. Тәуелсіздік жылдарында мүмкін еместі жүзеге асырған, мызғымас шекарасы халықаралық деңгейде мойындалған, еліміздің жетістіктері Елбасымыздың ерен еңбегінің, сарабдал, дана саясатының жемісі. Сол себепті де кемеңгер көшбасшымыздың қоғам өміріне арнаған ерен еңбегін бағалай білу баршамыздың парызымыз" - деді, филиал директоры Айдын Бөкенбайұлы.
Мерекелік жиында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиал директоры Айдын Қайруллаев мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру міндеттерін іске асыруға қатысқан, жұмыстағы тиімді көрсеткіштер көрсеткені үшін мерекеге орай корпорацияның бірнеше қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттады!