» » «Әлем барысы»: Мақсат Исағабылов қола жүлдегер атанды

«Әлем барысы»: Мақсат Исағабылов қола жүлдегер атанды

   «Әлем барысы» әлем чемпионатының қола жүлде үшін белдесуінде отандасымыз Мақсат Исағабылов өзбек палуаны Мухсин Хисамиддиновтен басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 Айта кетейік, жартылай финалда қазақ палуаны Мақсат Исағабылов тағы бір отандасымыз Айбек Нұғымаровқа, ал өзбек палуаны Мухсин Хисамиддинов Ресей палуаны Роман Бобиковке есе жіберген еді. Ал Әлем барысы атағы үшін Айбек Нұғымаров пен Ресей палуаны Роман Бобиков белдеседі. «Әлем барысы» чемпионатының биылғы жүлде қоры 20 миллион теңге. Жеңімпаз атанған балуанға 10 млн теңге және алтын белбеу, екінші орын иегеріне 6 млн теңге және үшінші орын иегеріне 3 млн теңге, сәйкесінше күміс және қола белбеулермен марапатталады. Ал, «Жеңіске деген жігері үшін» атанған спортшыға 1 млн теңге беріледі. Сондай-ақ, жылдағы дәстүрге сай жанкүйерлер арасында автокөлік ойнатылады.

02 желтоқсан 2019 ж. 469 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031