» » Байқоңырда «Прогресс МС-13» жүк кемесі ұшу кешеніне қойылды

Байқоңырда «Прогресс МС-13» жүк кемесі ұшу кешеніне қойылды

  Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы «Прогресс МС-13» жүк кемесімен бірге ұшу кешеніне қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі таңда зымыран-тасығыш кемемен бірге Байқоңыр ғарыш айлағындағы № 31 ұшу кешеніне қойылды. Ресейлік зымыран-ғарыш саласының кәсіпорын мамандары бірінші ұшу күнінің кестесі бойынша өз жұмыстарына кірісті. Бүгін жүк кемесінің жүйелері мен агрегаттарына, зымыран-тасығыш пен ұшу кешеніне автономдық сынақ жүріп жатыр», - деп хабарлады Роскосмос баспасөз қызметінен.
«Прогресс МС-13» жүк кемесі «Союз-2.1а» зымыран-тасығышымен бірге 2019 жылдың 6 желтоқсанында Нұр-Сұлтан уақытымен 15 сағат 34 минутта ұшырылады деп жоспарлануда.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ғарыш кемесі 1 желтоқсанда көкке көтерілуі тиіс еді, адайда ол кеменің қосымша тексеру жұмыстарына байланысты кейінге қалдырылды.
Ғарыштық жүк кемесі Халықаралық ғарыш стансасына отын, оттегі, ғылыми тәжірибелерге арналған құрал-жабдықтар, медициналық заттар, тамақ пен су, экипажға хабарлама жеткізуі керек. 
04 желтоқсан 2019 ж. 410 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031