Мемлекеттік тіркеу тәртібі
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу тәртібі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 26 маусым 2019 жылғы № 349 санды «Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (әрі қарай – Бұйрық), "Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет болып табылады.
Бұйрықтың 5 қосымшасының 1 тарауының 3 тармағына сәйкес, аталған мемлекеттік қызметті коммерциялық емес заңды тұлғаларға, филиалдарға және өкілдіктерге Әділет Министрлігі мен оның аумақтық органдары көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемемлекеттік корпорация).
Бұйрықтың 5 қосымшасының 9 тармаңына сәйкес, көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекітілген заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме;
3) заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекітілген заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мәтінінің үш данасы немесе жаңа редакцияда ресімделген заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің үш данасы;
4) заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің төлнұсқалары;
5) орналасқан жерін растайтын құжат(орналасқан жері өзгертілген жағдайда).
Заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжаттар болып, нотариалды куәландырылған жалға алу шарты және азаматтық заңнамамен көзделген басқа да құжат табылады.
Егер де ғимараттың иесі өзі заңды тұлға болған жағдайда, орналасқан жерін растайтын құжаттар талап етілмейді.
Егер де ғимараттың иесі жеке тұлға болған жағдайда, жеке тұлғаның ғимаратты заңды тұлғаға орналасу жері ретінде бергені туралы нотариалды куәландырылған келісімі қажет.
Қызылорда облысының Әділет
Департаментінің бас маманы Р.Байгабылова