Сырдария өзенінде қауіптің алдын алу шаралары жүргізілді

Осыған байланысты, аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес шұғыл түрде тиісті жұмыстар атқарылып, қауіптің алды алынды.
Жергілікті атқарушы органнан қатыстырылған күш-құралдар 40 қызметкер, 4 бірлік техника және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен 10 қызметкер мен 1 бірлік техника жұмылдырылды.
Қолданылған инертті материалдарды атап өтетін болсақ 50 бау қамыс, 20 дана қада, 1000 дана қап. Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі таңда Сырдария өзенінің жағдайы бірқалыпты.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі