ЕРТЕҢ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ
![](/uploads/posts/2018-02/thumbs/1518502987_1518494781_pn6o55oxq9lhy8i4vppizgp03i6iqu.jpg)
Сондай-ақ, сауалдарыңыз болса, алдын ала күнделікті сағат 9.00-19.00 аралығында 400-100 «Call-центр» нөміріне хабарласуға және www.400-100.kz сайты арқылы жолдауға болады.
Облыс әкімінің есепті кездесуі «Facebook» әлеуметтік желісі арқылы «Қызылорда облысының әкімдігі» парақшасынан және «www.youtube.com» интернет желісі арқылы тікелей эфирден көрсетілетін болады.
***
Есепті кездесуге байланысты халықтың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлерін жинақтайтын жәшіктер төмендегі мекен-жайларда орнатылған.
АРАЛ АУДАНЫ БОЙЫНША:
Аудан әкімі аппараты, Арал қаласы әкімінің аппараты, аудандық мәдениет үйінің ғимараттары.
Қазалы ауданы бойынша: Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы әкімі аппараттарының, «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесі, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Қазалы теміржол вокзалы, «Талап» автостанциясы, «Ырыс-Болашақ» базары, Қазалы қалалық мәдениет үйі ғимараттары.
ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ БОЙЫНША:
Жосалы кенті әкімінің аппараты, теміржол вокзалы, «Халық банк» АҚ аудандық бөлімшесі, «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесі ғимараттары.
ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ БОЙЫНША:
Аудан әкімінің аппараты, Жалағаш кенті әкімінің аппараты, аудандық мәдениет үйі, аудандық емхана, №202 орта мектеп ғимараттары.
СЫРДАРИЯ АУДАНЫ БОЙЫНША:
Тереңөзек кенті әкімінің аппараты, аудандық мәдениет үйі, аудандық орталық аурухана, Сырдария аграрлы-техникалық колледжі, №35, №36, №210 және №131 орта мектептердің ғимараттары.
ШИЕЛІ АУДАНЫ БОЙЫНША:
Аудан әкімінің аппараты, Шиелі кенті әкімінің аппараты, Халыққа қызмет көрсету орталығы, «Халық банк» АҚ аудандық бөлім¬шесі, «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесі, мемлекеттік кірістер басқармасы, теміржол вокзалы ғимараттары.
ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ БОЙЫНША:
Аудан әкімінің аппараты, Жаңақорған кенті әкімінің аппараты, Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимараттары.
ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША:
Теміржол вокзалы, автовокзал, әуежай, М.Ералиева атындағы мәдениет үйі, «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты, «Жайна», «Универсам», «SMALL», «Сырдария» сауда үйлері, «Жаңа базар» ғимараттары.
Ескертпе: Барлық аудандарда және Қызылорда қаласындағы ауылдық округтер мен кенттердегі әкімдердің аппараттарында халықтың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлерін жинақтайтын жәшіктер орналасқан.