» » Сырдария ауданы: Кәсіпкерлік кең өріс алды

Сырдария ауданы: Кәсіпкерлік кең өріс алды

   Сырдария ауданының экономикалық дамуында оң өзгерістер бар. Осы уақытқа дейін аудан экономикасына 54 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, көрсеткіш 72,4 процентке артқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Руслан Рүстемов хабарлады.
Оның айтуынша, өндіріс орындары 1 млрд 349 млн тең­генің өнімін өндірген. Өт­кен жылдың осы кезеңімен салыс­тырғанда 1,7 процентке өскен.
– Өздеріңізге белгілі, ауда­­нымыздың әлеуметтік-эконо­микалық дамуы жаңа белестерге көтерілді. Биыл 21050 гектар жерге күріш дақылы егілді. Орташа есеппен гектарынан 63,5 центнерден өнім алдық. Айта кету керек, биыл облыстың индустриалды картасына «Шаған»  шаруа қожалығының қуат­тылығы 630 тонна күріш ақтау цехының құрылысын салу» жобасын енгізіп отырмыз. 150 млн теңгені құрайтын жоба жүзеге асса, айына 70 тонна ақталып, 25 адам жұмыспен қамтылатын болады, – деді ол.
Ауданда кәсіпкерлік саласы да кең өріс алуда. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақ­са­тында арнайы «Жол карта­сы» белгіленген. Қазіргі күні өңірде 2313 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тір­келген. Оның ішінде 2095-і жұ­мыс жасайды. Жыл басынан бері кәсіпкерлікті қолдаудың барлық бағдарламасы бойынша 763,6 млн теңгенің 285 жобасы қаржыландырылып, 269 жұмыс орны құрылған. Нәтижелі жұ­мыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдар­ламасы бойынша 93 адамға 284 млн 186 мың теңге шағын несие берілген. Ал «Жаңа бизнес идеяларды іске асыру» тетігі негізінде 130 адам конкурс нәтижесімен жеңімпаз атанып, 54540 теңгеден алған. 
– Жуырда ХІ Халықаралық «Baikonyr Invest» инвести­циялық форумы өтті. Форум аясында «Ақжарма-2» шаруа қожалығының 370 млн теңгені құрайтын күріш ақтап, тазалайтын және кіші пастерленген сүт зауыттарын іске қосу, жылыжай және бау-бақша өнімдерін сақтайтын қойма салу жобасына ынтымақтастық меморандумын жасадық. Бұл жоба жүзеге асса, халықты жұмыспен қам­тып қана қоймай, аудан эко­номикасының дамуына  өз септігін тигізетін болады, – деді аудан әкімі.
Ауданда газдандыру жұ­мыс­тары да басталған. Бүгін­де жалпы құны 2 млрд 400 млн теңгені құрайтын Терең­өзек кентін газдандыру жұ­мыстары 2 жылға жоспар­лануда. Газ құбырлары же­­лі­­сінің құ­рылы­сын «Әлия-Сер­­вис» серік­тестігі жүргізеді. Биыл кент­тің бірқатар көше­лері мен 9 әлеуметтік нысаны газға қо­сылса, алдағы жылы 11 әлеу­меттік нысан­ның қа­зандықтары қайта жаңғыр­тудан өтеді.
Сырдарияда жастар мәселесі де назардан тыс қалған емес. Мұндағы жаңа бастаманың бірі – «Тереңөзек жастары» қоғамдық қорының құрылуы. Бұл қор арқылы биыл өз кәсібін бастаймын деген 22 адамға мемлекеттік грантқа қатысу үшін 3,6 млн теңге көлемінде қолдау көрсетілген. Сонымен қатар, Айдарлы, Шіркейлі, А.Тоқмағанбетов, Ақжарма ауыл­дық округтерінде Жас­тар бригадалары құрылып, 47 адам жұмыспен қамтылған. Ал, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» жаңа ғимаратқа көшкен.  Жалпы, қай саланы алсақ та, ауданда тың серпін бар екені көрініп тұр.
– Алдағы жылы да  ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, тұрақты жұмыс орындарын ашу, салық түсімін молайту, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандарды кө­гілдір отынға қосу, елді ме­кендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, жастарға қол­­дау көрсету жұмыстары жал­ғасын табатын болады, – деді Руслан Рүстемұлы.
Жиын соңында БАҚ өкіл­дері тарапынан сұрақтар қойы­лып, тұшымды жауаптар алынды.
07 желтоқсан 2019 ж. 497 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031