Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні 2004 жылдан бастап, жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтіледі. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл туралы» Заңы, Қазақстан Респбуликасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі және т.б. құқықтық актілер болып табылады.
Қазақстан Республикасы Сыбалас жемқорлыққақарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» атта шарасын өткізді.
Аталған шараға Қызылорда облысы әкімінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Нәлібаев Мақсұт, «Жас Отан» жастар қанатының өкілі Шерияз Жалғасбекұлы және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Бейбіт елдің ертеңі үшін еңбек етіп жүрген және қоғам атынан ортақ күреске үлес қосып келе жатқан облыстың бірқатар азаматтары марапатталды.
Шара соңында әсем ән шырқалып, мерекелік шара соңында Қазақстан Республикасы Сыбалас жемқорлыққақарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов қатысушылар мен сыбайлас жемқорлықпен күреске атсалысып жүрген азаматтардың барлығына алғысын білдірді.