» » Сыбайлас жемқорлық – індет, жою - міндет

Сыбайлас жемқорлық – індет, жою - міндет

  Бүгін Департамент қызметкерлері арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Руслан Ягмусов пен Берік Мырзахметовтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау, парақорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын нығайту болып табылады. Дөңгелек үстелде алғашқы болып сөз алған Департамент басшысы Ғалия Байменова: "Сыбайлас жемқорлық қоғамымыздың қауіпті дерті болғандықтан онымен күрес күн өткен сайын күшейіп келеді. Біздің Департаментте де онымен күрес жүйелі жүзеге асырылуда",-деп атап өтті. Құқық қорғау органынан арнайы келген мамандар қылмыстық-құқықтық саясатқа тоқтала келе, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған лауазымды тұлғаларға қатаң жаза қаралғандығын және қарамағындағы қызметкердің жемқорлық әрекеті үшін тікелей басшының да жауапкершілігін қарауды заңмен бекіту жұмыстары жүзеге асырылып жатқандығын мәлімдеді. Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта әзірленген бейнеролик көрсетіліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді
01 шілде 2019 ж. 1 107 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930