» » "Айбын әскери - патриоттық жарысы" өтті

"Айбын әскери - патриоттық жарысы" өтті

    "Кәусар мамандар орталығы" қоғамдық бірлестігімен Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының, "Жас Сарбаз" жасөспірімдер әскери - патриоттық қозғалысы облыстық филиалының қолдауымен Қызылорда қаласындағы Байзақ Момынбаев атындағы №278 IT - мектеп - лицейінде "Айбын" облыстық әскери - патриоттық жиыны ұйымдастырылды.
Жиынның мақсаты, оқушыларды әскери-патриоттық тәрбиеге, отансүйгіштікке баулу, өскелең ұрпақты әскери қызметке даярлап, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Жиынға Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары - тәрбие, идеологиялық және әскери - патриоттық жұмыстар басқармасының бастығы подполковник Алмат Алмасұлы Жакипов, "Жас Сарбаз" жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Айдос Болатұлы Қожамұратов қатысты. Аталған іс-шараға әр ауданнан 8 оқушы, 2 алғашқы әскери және технология дайындық пәнінің оқытушы -ұйымдастырушылары келді.
Қазақстан Қарулы Күштерінің мәртебесін көтеру және әскери қызметті насихаттау, әскери-патриоттық тәрбиені дамыту мен мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында өткізілген "Айбын" облыстық әскери-патриоттық жиынында жалпы командалық есеп бойынша жүлделі 1 орынмен Арал ауданы, екінші орынмен Қызылорда қаласы, үшінші орынмен Шиелі ауданы марапатталды.
Қызылорда облысы қорғаныс істері
жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі
12 желтоқсан 2019 ж. 689 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031