Азғындық

   Кеше әлеуметтік желіден мынадай ақпарат оқыдым. Біздің елде тәулігіне 30 қыз зорлық-зомбылықтан зардап шегеді екен. Басым бөлігі ересектер болса, қалғаны кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер. Қорқынышты көрсеткіш, иә?
Мұндайларды заңға өзгеріс енгізіп, жазалау керек дедік. Жоғарыдағылар химиялық кастрация дұрыс деп шешім шығарды. Яғни жазаға кесілгендерге арнайы укол салады. Содан соң еркектік құмары бәсеңсиді-мыс. Дұрыс. Бірақ оған қайырылып жатқан жан бар ма? Әрине, жоқ. Әйтпесе мына көрсеткіш қайдан шықты? Енді қайтпек керек? Мүмкін бізге өзге елдерден педофилияны қалай тиятынын үйрену керек шығар.
Мысалы Қытайдан. Бұл елде педофилияға жол берген еркек міндетті түрде ату жазасына кесіледі. Ойланбастан. Көпшілік қара құрлық, заман көшінен алыста қалған деп менсінбейтін Африкада да заң қатал. Біреудің ар-ожданын таптағанға бей-жай қарамайды. Қызды арынан айырғанды тірілей өртеп жібереді. Ал АҚШ-та педофил түрмеде мерзімін өтеп шықты екен деп жібере салмайды. Оны үнемі бақылауда ұстайды. Яғни көршілеріне не сол тұратын ауданға оның немен істі болғанын, қаншалықты қауіпті екенін жеткізеді. Оған қоса, қолына электронды браслет орнатып қояды екен. Егер қылмыскер балалар ойнайтын немесе олардың оқитын жерлеріне жақындаса, қолындағы әлгі қондырғы сигнал береді. Дәл сол мезетте тәртіп сақшылары да оны қолға түсіріп, қайтадан қамап тастайды. Енді Еуропа елдеріне келейік. Мәселен, педофилияға қатал қарайтын Германия мен Чехияны алайық. Олардың әдісі мүлдем басқа. Педофил түрмеден шыққаннан кейін де, дәрігерлер оны қоғамға қауіпті деп есептесе, онда оны псих больницаға жатқызып тастайды екен. Одан шығудың жалғыз жолы – піштіру. Әрине, хирургиялық жолмен. Жалпы осылай.
Басқа ұлттар жыныстық зорлық-зомбылықпен қалай күресетінін тізіп шықтық. Бір қызығы, осындай қатал заңы бар елдерде ғана зорлық фактісі едәуір азайған. Азғындықты азайтудың жолы қатал заңға тірелсе, неге қолға алмасқа? Әйтпесе,  «біздің елдің жігіттері» деп арқа сүйеп, онысынан опық жеген қыздың саны көбеймесе, азаймай тұр. Ес біліп, етек-жеңін енді жинаған кезде опасыздық көрсе, одан кейін оған дүниенің дидары да қара  болып көрінеді ғой. Тектіліктің тамырына өз қолымызбен балта шапсақ, ертең кімге шағымданамыз? Ойланарлық жайт.
А.БЕРДІБАЙҰЛЫ
12 желтоқсан 2019 ж. 417 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031