ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНДЕГІ ҚИСЫНСЫЗ ЗАҢДАР
Заңдар жинағынсыз барлық жерлерде дұрыс нәрсе болмас еді. Алайды заң шығарушы органдар кейде адам ойына кіріп шықпайтын заңдарды енгізеді. Бұның қаншалықты керек екенін ешкімде ұқпайды.
Ұлыбритания: Бұрындары бұл мемлекетте адамның парламент ғимаратының ішінде қайтыс болуына тиым салынған екен. Өйткені марқұмның жерлеу мен қалған шығындарын үкімет өз мойнына алатын болған. Ал бұл жағдайлар үкіметті біраз шығынға ұшыратады.
Германия: Бұл мемлекеттің автожүргізушілеріне обалдық жасалған іспетті. Себебі көліктің жанармайы жолда таусылып, тоқтап қалған жағдайда жүргізушінің жаяу май станциясына баруға мүлде хақысы жоқ. Сондықтан әр жолға шығардың алдында артық жанармайды құтыға құйып шыққан абзал.
Швейцария: халқының басым бөлігі көп қабатты үйде тұрады. Дәл осы үйлерде 22:00 ден кейін дәретхана суын пайдалануға болмайды. Өйткені құбырдағы шайылған судың дауысы өзге көршілерді оятып жіберуі мүмкін.
Ватикан мен Филиппин мемлекетінде ерлі-зайыптылардың ажырасуына тиіс салынған. Бірақ Филиппин халқының мұсылман дінді өкілдері заңды түрде ажыраса алады. Ал қалған адамдарға мүлде рұқсат етілмеген.
Жапония елінің халқына арықтық орасан пайда алып келеді. Жергілікті заң бойынша еркек 40 жастан асқаннан кейін оның белінің ұзындығы 90 см ал әйелдерде 82 см болуы қажет екен. Себебі жергілікті билік өз тұрғындарының денсаулығына қатты алаңдайды.
Австралияның шебер шам ауыстырушылары бар. Мәселен біреудің үйіндегі жарық шамы жанып кетсе оны өздігінен ауыстыруға тиым салынған. Оның орнына арнайы қызмет шақыртылады.
Дамир АМАНГЕЛДІ