» » ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖАҚСЫЛЫҚ

ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖАҚСЫЛЫҚ

   Қай халық болсын ұрпағынан үміт етеді, болашағына сеніммен қарайды.  Зұлмат-зобалаң жылдардың өзінде ұл-қызының ашық аспан астындағы бейбіт өміріне, білім-ғылыммен айналысатынына, көкірегі ояу, көзі ашық боларына шәк келтірген емес.
       Сенім үдесінен шығу бір басқа әрине. Соңғы жылдары жастар арасында түйткүл мәселелердің жиілеп кеткені көпке мәлім. Ата-ана мен мектептегі мұғалім жақсысын асырып, жаманын жасырғанмен нәтиже аздау. Өйткені араласатын орта баланы өзгертіп жіберетін жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан әр жас жақсылыққа ұмтылуға тиіс.
Өтіп бара жатқан атаулы жылдың жастарға арналуы бекер емес. Рас, шенді қызметке ұмтылатын жастар санында шек жоқ. Анығында, әр кәсіптің өз баспалдағы болады. Соның ең біріншісінен, ең қарапайымынан бастаған дұрыс-ақ. Сонда ғана істің мән-мағынасын жіті түсінуге болатын шығар. Күні бүгінге дейінгі жастар форумдарының немесе конференциялардың дені осының мәнін түсіндіре алса, демек пайдалы болғаны. Бірақ дөңгелек үстел басына жиналып алып, бір-екі ауыз сөз айтып, соңында суретке түсіп қайтатын жиналыстарды да жоққа шығара алмаймыз. Мұндай шараларда нақты шешім қабылданбайды. Көбінде жастар ісімен айналысатын қоғам белсенділері, жұрттың көз алдында жүргендер жиі шақырылатындықтан, олардың өзі де жиналыстан мезі болғанын жасырмайды. Әсіресе бірі қаржы игеріп, енді бірі есеп беретін жыл аяғында мұндай жиналыстардың тым көбейіп кететінін жұрттың бәрі жақсы біледі. Меніңше, кезекті осындай жиындардың санын қысқарту қажет-ақ. Сонымен жастар жылына бөлінген қаржы көңіл көтеретін дүниеге емес, нақты іс-шараларға бағытталды ма?  Әлеуметтік қамқорлық нақты адресін тапты ма? Егер жыл аяғында осы сұрақтардың тұшымды жауабын ала алсақ, онда арнаулы жыл өз миссиясын орындады деп айтуға негіз бар.
Әрине жалпылама жастар үшін ауқымды жоспарлар қолға алынды. Қаламыздағы дария бойында серуендейтін жол салынды. Онымен қоса велосипедшілерге арналған жолақ бар. Кешке жақын спортпен шұғылданатын адамдар көбейді. Олардың дені – жастар. Бұндай жобаны сөзсіз қолдаймыз.
     Арнаулы жыл жас ұрпаққа үлкен мүмкіндік болды. Жан-жақты көмек көрсетілді. Біздің елдің жастарды қолдау саясатында, мәселен, Еуропа мен АҚШ-тағыдай көпке ұнамды жобалар жасауға ұмтылыс бар. Жас отбасының баспана алу мүмкіндігін де лайықты бағалау керек. Әрине жұмыссыздық көрсеткішін төмендету бағытында атқарылып жатқан істер жұмыссыздықты түбегейлі жойды деп айта алмаймыз. Осы орайда жұмыссыздықпен күрес, мамандық таңдауға байланысты жоғары сынып оқушыларын және студенттерді тәжірибе жинау үшін өндіріс орындарында арнайы жобалар арқылы еңбекке бейімдеу қажет деп есептеймін. Мәселен, оқуын бітіріп, жұмысқа тұруға талпынған жастың көбінде еңбек өтілі болмайды. Бірақ жұмыс берушілер тарапынан еңбек өтілі талап етіледі.
Еліміздегі жастардың басым бөлігі ақпаратты ғаламтордан алады. Оның ішінде «YouTube» арнасы  мен «Instagram» әлеуметтік желісі танымалдылыққа ие. Біздің елде шетелден келетін ақпараттың басым бөлігіне бұғаттау қойылмаған. Сондықтан көрші өзбек ағайындардың ғаламтор желісіне қойған бұғаттау тәсілін қолдану қажет-ақ. Баласына қымбат ұялы телефон алып беріп, борышынан құтылғандай болатын ата-аналар талап пен талғам заманауи смартфонмен өлшенбейтінін түсіну керек.
Дамир АМАНГЕЛДІ
09 желтоқсан 2019 ж. 357 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031