» » » Ілтипатыңызға рақмет!

Ілтипатыңызға рақмет!

Shyn konilden
  Смартфонымызға тыным болмай, күн сайын ағылып келіп жатқан ақпараттардың легінде еліміздің білім беру жүйесіне қатысты жаңалық болса, екі құлағымызды тосып, елеңдеп отырамыз. Теледидарда айтылса, төрдегі көк жәшіктің ішіне еніп кетердей ентелейміз. Мұның бәрі мұғалім болғандықтан ғана емес, соңғы жылдардағы білім жүйесіндегі жаңалықтардың, шән мәнінде, жақсылықтың жаршысы болып жатқанының айғағы. Тағы не жақсылық бар екен деп үміт біздікі.
Біреуге ұнар, біреуге ұнамас, осыған дейінгі жасалған ондаған жылдарға созылған жобалар мен тәжірибелердің түйіні – жаңа реформалардың алғышарты жемісін бере бастағанына қуаныштымыз. Елді екіұдай күйге түсірген үштілділік жайлы бәріміз бірдей жақсы деп айтпағанымызбен6 мұның заман, уақыт талабы екенін ашық мойындаймыз. Қайта қаладан алыс шалғайдағы елді мекен, ауыл баласы да ел қатарлы оқысын, үш тілді мектептен меңгеріп шықсын деген талап-тілек «балам, оқысын» деген ата-ананың қуана қабылдайтын жаңалығы болса керек. Өйткені республика бойынша орта мектептер арасындағы білім деңгейінің алшақтап бара жатқаны алаңдатарлық дүние еді. Бұл реформа ағылшын тіліне басымдық беретін мектептердің түлегі, одан кейін беріде білім-инновация деп аталған кешегі қазақ-түрік лицейлері мен жай ғана қарапайым мектеп оқушыларының арасындағы білім алшақтығы, тіпті болашақта көзқарас пен идея алшақтығына ұласып кетпес пе екен деген қауіптің алдын алу болды десек артық айтқандық емес.
Соңғы уақытта мұғалім беделін көтеруге бағытталған жұмыстардың бір парасы ретінде оларды жөн-жосықсыз қоғамдық шараларға араластырудан тыю мәселесі қаралды. Әрине, мұғалім қоғамның тамырын дөп басып отыратын адам ретінде өзі өмір сүріп жатқан ортаның тыныс-тіршілігінен сырт қала алмайды. Дегенмен сабақты жиып қойып, қолына сыпырғыш ұстатуды әбестік санағаны – бұл бізге үлкен құрмет. «Қазақстанның Еңбек Ері» деген атақты да ең алғаш басқа мамандық иесіне емес, мұғалімге ұсыну – мұғалімге көрсетудің өлшеусіз өнегесі деп қабылдаймыз. Жыл сайын «Үздік мұғалім» байқауы жарияланып, миллиондап сыйақы ұсыну да мұғалім еңбегінің ескерілгені. Ел баласын алаң көңілмен қарамасын деп жалақы мәселесі жыл сайын ұмыт қалып жатқан жоқ.
«Тәрбие әрқашан беріледі, тіпті үйде жоқ болсаң да сені тауып алады» деген Макаренконың бір ауыз сөзі тәрбие берудің бірден бір көзі мектеп пен мұғалім екенін астарлап айтқандай ұғынылады. Ал, осы екеуіне немқұрайлы қарамаған қоғам, анығында, болашағына жоспарлы түрде жұмыс жасап жатыр деген сөз.
                                                                  Жеңіскүл ІЗБАСАРОВА,
                                                                  Қазалы ауданы
13 қыркүйек 2018 ж. 1 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031