ТӘРТІП ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілген "Жасөспірім" жедел-профилактикалық шарасында 57 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
«Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қалалық Полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлімшесі қызметкерлері профилактикалық бағытта біршама жұмыстар атқарды. Айталық, 2 күннің қорытындысы бойынша облыстық Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына қаңғыбастыққа салынып, бей-берекет жүрген 7 жасөспірім жеткізілді. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша (кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру) 9 тұлғаға әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды.
Полиция басқармасының профилактикалық есебінде тұрған 21 қолайсыз отбасы мекен-жайы бойынша тексеріліп, профилактикалық бағытта түсіндіру жұмысы жүргізілді.