» » ЖЫЛ БОКСШЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ

ЖЫЛ БОКСШЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ

    Қазақстан бокс федерациясы биылғы маусымды қорытындылап, жыл үздігін анықтады.
Жылдың үздік боксшысы атағын Бекзат Нұрдәулетов жеңіп алды. 21 жастағы маңғыстаулық боксшы биыл Екатеринбургте өткен әлем чемпионатында топ жарған болатын. 2019 жылдың үздік боксшысы атағын қарағандылық Милана Сафронова да иеленді. Ол биыл әйелдер боксынан әлем және Азия чемпионаттарында жүлдегер атанған. Үздік жас боксшы атағын жастар арасындағы Азия чемпионы Махмұд Сабырхан еншілесе, жастар командасының үздік жаттықтырушысы атағына Махмұдтың бапкері Ілияс Оралбек лайық деп танылды.
Қыздар арасындағы үздік жас боксшы атағын Азия чемпионы Анель Сақыш жеңіп алды. Үздік федерация атағына Маңғыстау облысы ие болса, үздік төреші атағын халықаралық дәрежедегі төреші Ғани Ысқақов иеленді.
10 желтоқсан 2019 ж. 250 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031