» » АУЫР АТЛЕТИКАДАН БАҚ ТАЙДЫ МА?

АУЫР АТЛЕТИКАДАН БАҚ ТАЙДЫ МА?

   Қазақстандық ауыр атлет Владимир Седов 2009 жылғы әлем чемпионы атағынан айрылды. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Седовты допинг қолданғаны үшін 2008 және 2016 жылдар аралығында алған барлық медальдарынан айыру туралы шешім қабылдады. Яғни, қазақстандық спортшы 2009 және 2016 жылғы Азия чемпионаттарындағы екі алтын, 2011 жылғы күмісі, 2013-2014 жылғы әлем чемпионатындағы қола мен күміс медальдарды қайтарып бермек. 2016 жылдың жазында IWF және Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) қазақстандық сынақтарды қайта тексеріп, оларда тыйым салынған дәрі-дәрмек станозололының іздерін тапқан еді. Екі жылға созылған тергеуді аяқтағаннан кейін Седов екінші рет допинг қабылдағаны үшін сегіз жылға шеттетілді. Содан кейін IWF оны 2008 жылғы Олимпиададағы төртінші орнынан айырды. 2009 жылы Кореяда өткен әлем чемпионатында Владимир Седов алтын медаль жеңіп алған еді. Енді бұл алтын автоматты түрде әзірбайжандық ауыр атлет Низами Пашаевқа бұйырды. Осылайша Низами Пашаев ауыр атлетикадан әлемнің үш дүркін чемпионы атанды. Сондай-ақ ол Әзірбайжанда үш рет әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы ретінде тарихқа енбек.
10 желтоқсан 2019 ж. 262 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031