» » Сот орындаушыдағы істі тексере аласыз

Сот орындаушыдағы істі тексере аласыз

Сот орындаушылардың орындауында атқарушылық іс жүргізу өндірісінің бар болуын қалай тексеруге болады?
Қала тұрғындары өздерінің есеп-шоттарына немесе мүліктеріне тыйым салынғаннан кейін, белгілі бір атқару құжаттары бойынша өздерінің берешек екенін біліп жатады.
Дегенмен, сот орындаушы туралы қандай да бір ақпаратқа қол жеткізу жолдарын білмегендіктен Қызылорда облысы жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасына жүгінуіне мәжбүр.
Борышкерлердің бірыңғай тізімі (бұдан әрі-Тізілім) атқарушылық іс жүргізу жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы қалыптастырылады және жүргізіледі.
Тізілімге енгізу үшін мәліметтерді сот орындаушылары атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жібереді.
Осылайша қала тұрғындары және қонақтар өздеріне қатысты атқарушылық іс жүргізу өндірісінің бар болуын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми сайтына өтіп, "Борышкерлердің бірыңғай тізілімі" тетігін басу арқылы өзі туралы ақпаратты енгізіп, тексере алады. http://www.adilet.gov.kz/ru/kisa/erd
Іздеу жолағына жеке сәйкестендіру нөмірін немесе аты-жөнін енгізгеннен кейін, өзіне қатысты атқарушылық іс жүргізу өндірісі сот орындаушылармен қозғалған болса, олар тізбектелетін болады. Онда сот орындаушы туралы мағлұматтар, байланыс түрлері, берешекті өтейтін банк реквизиттері қамтылған.
Тізілімге азаматтар Қазақстан Республикасының "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңның 36-бабына сәйкес енгізіліп, алып тастау осы Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін және мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешек болмаған кезде, сондай-ақ ол атқарушылық құжаттың талаптарын орындаған кезде осы Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Т. Абдиев, Қызылорда облысы
жеке сот орындаушыларының
Өңірлік палатасы басшысының
орынбасары
12 желтоқсан 2019 ж. 580 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930