Тұғыры биік - Тәуелсіздік

Жиында ата - бабамыз армандаған Тәуелсіздікке қол жеткізу жолында сонау "Жоңғар шапқыншылығынан" бастау алған және бүгінгі бейбіт өмірге дейінгі тарихтан сыр шертетін "Қазақстан Тәуелсіздік жолында" атты хронологиялық - деректі фильммен қатар желтоқсан оқиғасына қатысқан жауқазындарымызды еске ала отырып, олардың ерліктері жөнінде арнайы бейнероликтер көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің №1022 бұйрығымен Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің жасаған жұмыстары еленіп, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құрметіне орай ақшалай сыйлықақы тағайындалды.
Қызылорда облысы қорғаныс істері
жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі