Қайырымдылық - қадірлі іс
Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қарамағына алынған , әлеуметтік жағдайы төмен ата-анасынан айырылған үш жетім балаларға ұдайы түрде көмек көрсетіліп тұрады.
Тәрбие, идеологиялық және әскери-патриоттық жұмыстар басқармасының бастығы - департамент бастығының орынбасары подполковник Алмат Алмасұлы Жакиповтың бастауымен 1 - желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай аталған балалардың үйіне барып арнайы сыйлықтар мен жеміс - жидектер табысталды. Сондай - ақ бұған дейінде департамент жеке құрамы балаларды 1 маусым - балаларды қорғау күнімен құттықтап, тәттілер мен жаздық киімдер табыстап қайтты.
Сонымен қатар қыркүйек айында облыс әкімдігінің бастамасымен орын алған "Мектепке жол акциясына" департаменттің ұжымы да белсене қатысып, акция барысында департаментте "Жүректен жүрекке" атты қайырымдылық жәшігі қойылып, түскен қаражатқа қамқорлыққа алынған балалар спорттық үлгідегі киімдер мен мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етілді. "Тамшыдан теңіз құралады" демекші жүрегі мейірімге толы департамент қызметкерлері қайырымдылық пен адамгершілікті биік ұстап, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін білдіріп, жомарттық пен жылы жүрекке зәру жандарға қолдан келген көмегін ұсынып тұрады. Ел еңсесін биіктетін осындай мерейлі істер алдағы уақытта бұдан әрі өз жалғасын табады деп жоспарлануда.
Қызылорда облысы қорғаныс істері
жөніндегі департаментінің баспасөз қызметкері А.Бүркітбай