» » Ақша жинауға жол жоқ

Ақша жинауға жол жоқ

    ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемесінің жеке құрамынан ақша жинауға байланысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын-алу мақсатында облыстық қорғаныс істер жөніндегі департаментінде "Ақша жинауға жол жоқ" атты дөңгелек үстел өткізілді.
Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аға офицері, әділет майоры Ә.Ерімбетовтың ұйымдастыруымен өткен шарада қылмыстық жауапкершілікке тартылған әскери қызметшілер туралы айтылып, алдағы оқу жылына нақты міндет қойылды.
‒ Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілетті болуына, халықаралық беделіне, қоғамда халықпен лауазымды тұлғалар арасына кері зиянын тигізеді.  Қоғам індетіне айналған мәселені болдырмау және өскелең ұрпақтың санасын уламау жолын қарастыру басты міндет, ‒ деді облыстық қорғаныс істері  жөніндегі департаментінің бастығы полковник Е.Байболов.
    Жиын соңында жеке құраммен профилактикалық сұхбат өткізіліп, иесі көрсетілмеген сауалнама алды.
А.Бүркітбай,
Қызылорда облысы қорғаныс істері
жөніндегі департаментінің баспасөз қызметкері 
19 желтоқсан 2019 ж. 774 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031