Ауыл жастарын әлеуметтендіру
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша "Ауыл жастарын әлеуметтендіру" әлеуметтік жобасының аясында "Ай-Қанат" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 12-14 наурыз аралығында Сырдария ауданының Нағи Ілиясов, Шаған, Сәкен Сейфуллин, Қалжан Ахун және Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округтерінде көшпелі қоғамдық қабылдау, жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу, "Құқықтық сауаттылық - қоғам мәдениеті" тақырыбында семинар-тренинг және "Мен спортты таңдаймын!" тақырыбында ұлттық спорт сайысы сынды 20 шара өткізілді.
Ұйымдастырылған шаралар аясында 400-ге жуық жас қамтылды.