Жаңа өмір бастауға мүмкіндік
«Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры ағымдағы жылдың тамыз-желтоқсан айларында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатындар және босатылғандарды қайта әлеуметтендіру және қайта оңалту орталығының жобасын жүзеге асырылу қызметі жобасын жүзеге асырдыЖоба аясында Қызылорда қаласы мен облыстың барлық аудан орталықтарында пробация қызметтерінде есепте тұратын тұлғалар мен Қызылорда қаласында орналасқан ЗК-169/1, ЗК-169/4 және ЗК-169/5 түзету мекемелерінде сотталушылар арасында «Жұмыспен қамту. Әңгімелесуден қалай өту керек», «Жеке кәсіпкерлікті қалай ашу керек» және «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды әлеуметтендіру және олардың құқықтарын қорғауды іске асыру», «Жеке кәсіпкерлікті қалай ашу керек», «Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға несие алу шарттары» тақырыбында семинарлар мен кездесулер, сонымен қатар, әлеуметтік, құқықтық, психологиялық кеңестер мен мәдени – спорттық шаралары өткізілді.
Сондай-ақ, сотталғандар мен пробация қызметі есебінде тұратын тұлғалар арасында сауалнама жүргізіліп, олардың нәтижелері бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуі бойынша түзету мекемелеріне ұсыныстар беріліп, олардың құқықтары туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.
Шараларды ұйымдастырудағы басты мақсатымыз сотталғандардың мiнез-құлқын түзету және олардың жаңа қылмыстық әрекеттер жасауының алдын алу болып табылады. Атап айтқанда, сотталғандарға қоғамға жат көзқарастар мен бейiмдiлiктердi жою, оларға заңды құрметтеуге баулу, борыш сезiмiн, еңбекке деген әдеттi қалыптастыру, өзiнiң мiнез-құлқына жауапкершiлiк, бұқаралық мәдени-спорттық шараларға қатыстыру және басқа да оң қасиеттерге баулу.
"Бiздiң қызметiмiздiң басты мiндетi — сотталған азаматтардыңқалыпты өмiрге оралуына көмектесу болып табылады",- дейді ұйымдастырушылар.