Электр таратушылар тазалыққа да тиянақты
Қызылорда қаласында «Үздік аула» байқауын ұйымдастыру, көше тазалығын сақтауға бағытталған рейдтер ұйымдастыру әлеуметтік қызметін жүзеге асыру мақсатында 2019 жылдың қараша айында қаладағы бір қатар мемлекеттік және жеке нысандарда рейд жұмыстарын жүргізді.
Байқау барысында жеңімпаздарды анықтайтын арнайы комиссия құрылып, рейдке шығатындар тізімі жасақталды.
Рейд жұмыстары алдымен Нұрмақов көшесінен бастау алып, ары қарай Абуов, Әйтеке би, Тоқтыбаев көшелерінде жалғасын тапты. Сонымен қатар, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ, «Prime Park» БО, «Қасиет» СҮ, Қазақстанның Халық банкі, Қызылорда қаласының хал актілерін тіркеу бөлімі, Кәсіподақтар үйі, Қазақтелеком, Қазынашылық мекемелерінде және Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжі, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі мен Өнер мектебінде рейд жұмыстарын жүргізді.
Байқаудың негізгі мақсаты көшелердің тазалығын сақтап мекемелердің ауласын тәртіпке келтіріп, абаттандыру көгалдандыру жұмыстарын қолға алу. Сонымен қатар аула сыпырушыларға олардың ауыр жұмысы үшін алғыс білдіруге мүмкіндік беріп отыр.
Байқау қорытындысы арнайы құрылған комиссия мүшелерімен талқыланып жеңімпаздар анықталды.
1 – орынды «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ
2 – орын М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі
3 – орын Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжі иемденіп, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының арнайы сыйлықтармен дипломдармен марапатталды.
Шараны облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырған.