«Коворкинг» орталығы –кітапхананың жаңа келбеті»
Елбасының «Болашаққа бағдар
рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі –халықтың білімге деген құштарлығын арттыру болып табылады.
«Нұр Отан » партиясы еліміздегі кітапханалардың қызметін жаңғыртып,оларды жаңа заманға сай коворкинг орталық ретінде қайта құру жобасын ұсынды.Жобаның басты мақсаты-барлық санаттағы жастардың ақпараттық қажеттіліктерін жедел қанаттандыру үшін үздік әлемдік тәжірибені пайдалана отырып,кітапханалардың жаңа заманауи үлгісін құру болып табылады.
Осындай жобалардың аясында Шұғыла мөлтекауданыдағы қалалық №6 кітапханада «Коворкинг» орталығының ашылу рәсімі өткізілді.Салтанатты шараны қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Сая Жамбылқызы ашып құттықтау сөз сөйледі.Қазіргі кезеңде «Коворкинг» орталықтарының жастардың отандық әдебиеттермен қатар әлемдікклассика,қазіргі заманауи әдебиеттерді таңдап оқитын бірден бір тиімді жоба болатынына, түрлі форматта бірлесіп өткізілген іс-шаралардың жастардың ой-өрісін кеңейтіп,білімге ұмтылуға септігін тигізетініне зор сенім білдірді. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының сектор меңгерушісі Бибайша Нұрғалиқызы облысымыздағы осындай интеллектуалды жастар орталықтары туралы айтып,құттықтау сөз сөйледі. «Коворкинг»-білім мен ғылымға ұмтылған жастардың бас қосар рухани орталығы.Жастарды тұлға ретінде қалыптастыру ,кітапқа деген қызығушылығын арттыру кітапхана қызметтерінің негізгі бағыттары..Қазір қалалық кітапханалық үдерістер автоматтандырылған, электронды деректер қоры құрылуда, сандық өлкетану баспаларының негізінде электронды кітапхана құрылуда.
«Коворкинг» орталығының жұмысы жайлы «Жас Отан » Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы орынбасары Әсем Бекнұрқызы түсінікті етіп айтып , «Цифрлы Қазақстан» ,»Қазақстан кітапханалары» жобасы аясындағы бұл игі іс оқырмандар сапын нығайтуға өзіндік ықпалын тигізері анық. Қазіргі таңда кітапханадағы коворкинг орталығын коммуникативтік алаң деп айтуға болады. Бұл жерде достарыңызбен бос уақытты бірге өткізіп, көптеген қызықты іс-шараларға: акциялар, мерекелер, шығармашылық кездесулер, шеберлік кластар, зияткерлік ойындарға және т.б. шараларға қатысуға, кітапхана ресурстарын пайдалануға , жастардың бизнес, шығармашылық, оқу бағдарламалары аясындағы креативті жобаларын (қызығушылығы бойынша клубтар, көрмелер, үйірмелер, шеберлік-сыныптар, тренингтер, ағылшын тіліндегі клубтар) жарыққа шығарып, жүзеге асыруға, игілікті іс шараларда жиі бас қосуға шақырды.
Жас оқырмандар Аманкелді Ш. «Тәуелсіздік»,Болатова Д.»Оян, жастар ,тізгін міне бізде енді»,Молдабай Б.»Рухани жаңғыру»,Бәкір Н. «Жастарға» өлеңдерін мәнерлеп оқыса,»Қарақат» мектеп студиясының өнерпаздары ән салып жастарға болашаққа деген сенімдерін ұялатты.

Кітапханашы : А.Қалманова