Кәсіподақпен ынтымақтастық күшейді
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б. М. Ниязов пен аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы С. Сермағамбетов арасында кездесу өтті. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттандыру саласында ынтымақтасу, жұмыстарды атқару барысындағы жемқорлыққа қарсы бастамаларға жәрдемдесудің, сондай-ақ, өзара қарым-қатынас орнатып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өзара ықпалдастық пен ынтымақтастық құру.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін тарап сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністерінің алдын-алу саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға келісті.
Кездесу барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары Б. Ниязов ағымдағы жылы азаматтарды толғандыратын мәселелер бойынша құқықтық көмек ала-алатын және жемқорлықты жою үшін жұмылуға дайын жұртшылықтың басын қосатын «Antikor ortalygy» ашылғандығын хабарлады. Сонымен бірге мемлекеттік қызметші немесе оған теңестірілген тұлғаларға заңсыз сыйлықтар қабылдауға, ал жеке және заңды тұлғалармен сыйлықтар ұсыну заңмен тыйым салынғандығын атап өтті.
Кездесу соңында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы С. Сермағамбетов Департамент басшысының бірінші орынбасары Б. Ниязовтың бастамасын қолдап, алғыс білдірді және әрі қарай ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.
Сондай–ақ бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті Қызылорда облыстық соты, Қызылорда облыстық білім басқармасы, «Қызылорда электр тарату торабы компаниясы» акционерлік қоғамы және т.б. 10 мекемемен «Өзара ынтымақтастық туралы» меморандумға отырды