Снюс дегеніміз не және оны пайдаланудың қауіпті салдары қандай

ТҮТІНСІЗ ТЕМЕКІНІ ҚОЛДАНУДЫҢ САЛДАРЫ
1. Снюсті тұтынған кезде ең бірінші ауыз қуысының шырышты қабығы зақымданады, бастағы ауырлық, апатия, күрт сілекей бөлу және бас айналу түріндегі жағымсыз әсерлер пайда болады.
2. Ауыз қуысының, ұйқы безінің, өңеш пен өкпенің онкологиялық ауруларының дамуына әкелуі мүмкін.
3. Түтінсіз темекіні ұзақ уақыт пайдалану парадонтозға, тістің бұзылуына, ауыздан жағымсыз иістің пайда болуына, тахикардияға, гипертония, бедеулікке әкеледі.
4. Темекінің осы түрін пайдаланушыларда жоғары агрессивтілік және қозу немесе керісінше, апатия және эмоциялық дисфункция байқалады
5. Снюс когнитивті процестердің нашарлауына, жадының және назар аударудың бұзылуына әкеледі;
6. Сондай-ақ түтінсіз темекі ағзаның жұқпалы ауруларға төзімділігін әлсіретеді.
7. Никотиннің артық дозалануы өлімге әкелуі мүмкін.
ЕГЕР СІЗГЕ БІРЕУ СНЮС ҰСЫНҒАН ЖАҒДАЙДА:
· Таныс немесе бөгде адам темекінің осы немесе басқа түрін ұсынса ешқандай жағдайда оның дәмін татып көруге келіспеңіз. Жанжалға түспей, сыпайы бас тартыңыз
· Егер сізге шайнайтын кәмпиттер ұсынылса, олардың шығу тегі мен қауіпсіздігіне сенімді болмасаңыз, жеуге асықпаңыз.
· Достарды және таныстарды осы затты пайдаланудың зияны туралы ескертуге және оны пайдаланбауға сендіруге тырысыңыз.
Қазақстанда бас санитар дәрігердің қаулысымен бұл өнімді пайдалануға уақытша тыйым салынған. Сондықтан снюсты сауда сөрелерінен көрсеңіз Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне хабарласуды сұраймыз. Сенім телефоны 23-70-22.
Есіңізде болсын, аурудың салдарымен күресуге қарағанда, қайғының алдын алу оңайырақ. Өз денсаулығыңызды сақтаңыз!
Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті