» » Қазақстан әншілерінің жартысы жанды дауыста ән айта алмайды екен

Қазақстан әншілерінің жартысы жанды дауыста ән айта алмайды екен

   Қазақстан шоу-бизнесіндегі танымал продюсер Жан Мұқанов отандық эстрада әншілерінің жартысынан көбі жанды дауыста ән айта алмайтынын мәлімдеді.
Мұқанов әр жексенбі сайын Астанадағы "Хан Шатыр" ойын-сауық сауда орталығында "Сәлем, Ұлы Дала" жобасын жүзеге асырып келеді екен. Жобаның ерекшелігі  сол күні кешкі сағат 19:00-21:00 аралығында эстрада әншілері қонаққа келіп, жанды дауыспен тікелей эфирде ән айтулары тиіс.
"Біздің жобаның Қазақстанда әлі теңдесі жоқ. Бұл нағыз жанды жоба. Шоу Жетінші арнада тікелей эфирде көрсетіледі. Басты мақсатымыз – Астана тұрғындары мен қонақтарына демалыс күні әнмен ләззат сыйлау. Әр апта сайын кем дегенде 5 жұлдыз ән айтады. Өкінішке қарай, Қазақстандағы әншілердің жартысынан көбі жанды дауыста ән айта алмайды. Сондықтан тек нағыз талантты әншілер ғана қонаққа келеді", - дейді танымал продюсер.
Оның айтуынша, Бүгінге дейін "Сәлем, Ұлы Дала" жобасында Маржан Арапбаева, Луина, Дастан Оразбеков, Ғазизхан Шекербеков, Әміре, Айқын Төлепберген, Айдана Меденова, Алмас Кішкенбаев, Құрмаш Мақанов, "Жігіттер" тобы, Арман Камердинов секілді әншілер ән шырқаған. Ал, өзін нағыз "жұлдыз" санап жүрген эстрада өкілдерінің көбі бұл жобаға келуден бас тартатын көрінеді. Өйткені жанды дауыста ән айтса, масқарасы шығып қалатынын біледі, – дейді Жан Мұқанов.
27 желтоқсан 2019 ж. 541 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031