Жұлдыз Әбдікәрімова бар сырын ашты
Он жыл бойы ел көзінен тасада болып, былтыр ғана қалың көпшілікке сәлем берген Жұлдыз Әбдікәрімова енді телеэфир тізгінін ұстамақ. Таяуда ғана Қайрат Нұртастың келіншегі жүргізетін бағдарламаның анонсы желіде жарияланған болатын, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Жұлдыздың тележүргізуші болатынын әрі анша-мұнша емес Ұлттық арнада жұмыс істейтінін естіген жұрт қызығушылық танытты. Көпшілік көкейіндегі сауалдарға Әбдікәрімованың өзі жауап берді.
Жұлдыздың айтуынша, бағдарлама тікелей эфирде өтеді. Дәл осы себепті Қайраттың келіншегі ұсынысты қабылдамас бұрын, ұзақ ойланғанын айтады.
“Шаңырақ” бағдарламасының аты айтып тұр ғой, киелі. Оның үстіне Ұлттық арнада, тікелей эфир. Камераның алдында, етене араласпағандықтан, ұзағырақ ойландым” – дейді ол.