Сот ұжымы студенттермен кездесу өткізді
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұжымы Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Студенттермен кездесу барысында сот жүйесіндегі соңғы жаңалықтар, электронды сот ісін жүргізуді дамыту мәселелері және медиация жөнінде талқыланды.
Іс-шарада төраға Б.Елшібеков сот жүйесіне қойылған міндеттер мен мақсаттардың соттарда жүзеге асырылу жағдайына тоқталып, талап қою арыздарын электронды түрде беру, сот актілерін электронды түрде алу, кез келген жерден сот мәжілісіне смартфон арқылы қатысу, сот істерінің өту кестесімен электронды түрде танысу және басқа да жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін атап өтті.
Кеңсе меңгерушісі А.Әбілқасымқызы студенттерге мемлекеттік органдардың құрылымы және соттың мемлекет жүйесіндегі рөлі, соттарда қолданылатын жаңашылдықтар мен электронды технологиялар туралы айтты.
Өткізілген шара нәтижесінде студенттер қызықты және пайдалы жаңалықтарды білгені үшін алғыстарын білдірді.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі