Сырдария аудандық сотында кездесу өтті
Сырдария аудандық соты Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру мақсатында кенттегі №210 мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.
Іс-шараға кеңсе меңгеруші Р.Сүлейменова, кеңсе қызметкерлері және 10 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі қатысты.
Кездесуді ашқан кеңсе меңгеруші Р.Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының сот жүйесіне қатысты бағыттарын түсіндірді.
Іс-шара барысында кеңсе меңгеруші Р.Сүлейменова және кеңсе қызметкерлері қатысушыларға, ақпараттық технологиялардың сот жүйесіндегі соңғы мүмкіндіктері, оның ішінде «Сот кабинеті» сервисі арқылы талап арыз, өтініш беру, сот істерін қарау кестесі, сот істерімен танысу бөлімдері туралы, сот жүйесін жаңғырту аясында тараптарға смартфонға жүктелген «TrueConf» қосымшасы көмегімен қашықтан сот отырысына келмей-ақ, бейнебайланыс арқылы қатысуға мүмкіндік беретін SMART сот пилоттық жобаларын айтып, оның ішінде QR-код және Digital Agent секілді жаңашылдықтарға ерекше тоқталып өтті.
Іс-шара соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарына сот мамандарынан жауаптар алып, қызықты ақпаратқа толы кездесуді өткізгені үшін алғыстарын білдірді.
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі