Сот қағидаттары қатаң сақталады
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот ғимаратына өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету қағидалары» тақырыбында семинар-тренинг өтті
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі және сот мамандары қатысуымен «Сот ғимаратына өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету қағидалары» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Аталған шарада кеңсе меңгерушісі Ә.Жақсылықов Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті және Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітілген сот ғимараттарына өткізу және объектшілік режимді қамтамасыз ету жөніндегі Қағиданың талаптары бұған дейін сот қызметкерлеріне таныстырылғанын, туындаған сұрақтар мен мәселелер болған жағдайда түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін атап көрсетті.
Аға сот приставы Б.Изенов аталған тақырыпта баяндама жасап, онда соттың ғимаратына келген адамдар осы Қағидаларда белгіленген өткізу және объектшілік режимдер талаптарын сақтауы, процестік заңнамада белгіленген сот қызметінің тәртібін, жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларын сақтауы тиіс екенін, сондай-ақ сот процесіне қатысатын өзге де адамдар қызметтік және режимдік үй-жайларға кіруіне жол берілмейтінін және іс материалдарымен танысу үшін сот ғимаратына келген сот процестеріне қатысушылар сот отырысының хатшылары тапсырыс беретін бір жолғы рұқсаттама бойынша кіргізілетіні туралы айтып, сот ғимаратына өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету қағидаларына жан-жақты тоқталды.
Шара нәтижесі бойынша кеңсе меңгерушісі жауапты сот мамандарымен Қағида талаптарын қатаң сақтау қажеттігін атап көрсетті.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі