Рухани жаңғырудың негізгі бағыттары талқыланды

Семинарда мемлекеттік қызметкерлер арасында қызметтік әдеп нормасының сақталуы, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі талқыланды. М.Асанова мақалада айқындалған негізгі алты бағытты тарқатып нақты жобаларды жүзеге асыруға, ел бірлігін нығайтуға бағытталған жаңғыртудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің тиімділігін, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын іске асыру шеңберінде атқарылып жатқан шараларды атап өтті. "Сот мамандары адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдік-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға тиіс. Сондықтан сіздерді жұмысқа жауапкершілікпен қарауды сұраймын", – деді.