Иран АҚШ-тың әскери базасына зымыранмен соққы жасады

Америка әскерилері орналасқан Ирактағы "Айн-әл-Асад" әскери базасына зымыранмен соққы жасалды.
Иран ислам революциясы сақшыларының корпусы жауапкершілікті өз мойнына алды. Бұл туралы Press TV телеарнасы хабарлады.
"Ислам революциясы сақшыларының корпусы Ирактағы америкалық "Айн-әл-Асад" әуе базасына ондаған зымыранмен соққы жасағанын растап отыр", - деп хабарлады телеарна Twitter-де.